|
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық төлеушінің ренталық салықты есептеуге арналған Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына ренталық салық бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (570-нысан) және экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына ренталық салық бойынша салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (570.01, 570.02 нысандар) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам не қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді. 7. Қосымшада көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша міндетті тәртіпте толтырылуға жатады. 8. Қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшаның осындай ұқсас парағы толтырылады. 9. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 10. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол тор көзінде « - » белгісімен көрсетіледі. 11. Декларацияны беру кезінде: 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|