|
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік салық бойынша декларация жасау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 11-бөліміне сәйкес мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеуге және уақтылы төлеуге арналған әлеуметтік салық бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (бұдан әрі - 610.00-нысан) және әлеуметтік салықты салу объектісі туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (610.01 нысаннан) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта-Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды. 6. Қосымшада көрсетілуге тиіс деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымша тапсырылмайды. 7. Тиісті қосымшада көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша міндетті тәртіпте толтыруға жатады. 8. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 9. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол тор көзінде « - » белгісімен көрсетіледі. 10. Декларацияны беру кезінде: 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|