|
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Тіркелген жиынтық салық пен акциз бойынша
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және тіркелген жиынтық салықты есептеуге арналған Тіркелген жиынтық салық бойынша бірыңғай оңайтылған декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасаудың тәртібін көздейді. Декларацияны Салық кодексінің 396-бабы 2-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жасайды. 2. Декларация осы Декларацияның өзінен және оған қосымшадан (940.01 нысан) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сия қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді. 5. Тиісті торкөздерінің көрсеткіштері жоқ болған кезде толтырылмайды. 6. Қосымшада көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда қосымша толтырылмайды. 7. Қосымшада көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде қосымша міндетті тәртіпте толтырылуға жатады. 8. Қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшаның осыған ұқсас парағы толтырылады. 9. Қосымшалардың «Жалпы ақпарат» бөліміндерінде Декларацияның «Жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 10. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақ торкөзіне «-» белгісімен белгіленеді. 11. Декларацияны беру кезінде: 1) келу тәртібінде қағаз тасығышта нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық төлеушіге қайтарылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|