ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Акциз бойынша декларация жасау ережесі (400.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және акциз төлеушілердің Салық кодексінің 9 бөліміне сәйкес акцизделетін тауарлар бойынша акциз төлеуіне арналған Акциз бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (400.00-нысан) және акцизбен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашатын оған қосымшалардан (400.01- 400.09 нысандар), сондай-ақ қосымшаның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша нысандардан тұрады. 1) қағаз түрінде - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды түрде - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымшаларда және (немесе) қосымша нысандарда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымшалар және (немесе) қосымша нысандар берілмейді. 7. Тиісті қосымшаларда және (немесе) қосымша нысандарда ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырған кезде көрсетілген қосымшалар және (немесе) қосымша нысандар міндетті түрде толтыруға жатады. 8. Қосымшалардың немесе қосымша нысандардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Қосымшалардың немесе қосымша нысандардың осындай парағы толтырылады. 400.02 қосымшасы алкоголь өнімінің әр бюджеттік жіктеу коды бойынша бөлек толтырылады; 400.04 қосымшасын жер қойнауын пайдаланушылар әрбір келісім-шарт бойынша толтырады; 9. Қосымшаның және(немесе) қосымша нысандардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|