ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны есептеуге арналған Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомалары есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомалары есебі Салық кодексінің 460-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында арнайы табиғат пайдалану тәртібінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жасайды. 2. Есеп осы Есептің өзінен (871.00 нысан) және Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеу объектілері туралы ақпаратты ашу жөніндегі оған қосымшадан (871.01 нысан) тұрады. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді. 5. Тиісті торкөздердің көрсеткіштері жоқ болған кезде толтырылмайды. 6. Қосымшада көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда қосымша табыс етілмейді. 7. Қосымшада көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде қосымша міндетті тәртіпте толтырылуға жатады. 8. Егер салық төлеуші арнайы табиғат пайдаланудың бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша 871.01 нысан бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. 9. Қосымшалардың «Жалпы ақпарат» бөлімдерінде Есептің «Жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|