ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қосылған құн салығын есептеуге арналған Қосылған құн салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Қосылған құн салығы бойынша декларацияны Салық кодексінің 8-бөліміне сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер жасайды. 2. Декларация осы Декларацияның өзінен (300.00-нысан), қосылған құн салығы бойынша салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (300.01 - 300.12-нысандар) және қосымша нысандардан тұрады. 1) қағаз тасығышта-қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды. 6. Қосымша(лар)да және (немесе) қосымша нысан(дар)да көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша(лар) берілмейді 7. Тиісті қосымша(лар)да және (немесе) қосымша нысан(дар)да ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырғанда көрсетілген қосымша(лар) және (немесе) қосымша нысан(дар) міндетті түрде толтыруға жатады. 8. Қосымша немесе қосымша нысан парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшаның немесе қосымша нысан осыған ұқсас парағы толтырылады. 9. Қосымша және (немесе) қосымша нысандардың «Қосылған құнға салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Қосылған құнға салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|