ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Құрылымдық бөлімше үшін есепті жасау ережесі
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және құрылымдық бөлімшесі (лері) бар акциз төлеушілердің Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімше (лер) жүзеге асырған операциялар бойынша акциз сомаларын есептеуіне арналған Есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 2. Есеп Есептің (421.00-нысан) өзінен және акциз салу объектілері туралы ақпаратты ашатын оған қосымшалардан (421.01-421.04-нысандар) тұрады. 1) қағаз түрінде - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды түрде - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді. 7. Тиісті қосымшаларда ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырған кезде көрсетілген қосымшалар міндетті түрде толтыруға жатады. 8. Қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшалардың осындай парағы толтырылады. 9. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 10. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді. 1) Есеп қағаз түрінде келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) салық төлеуші хабарламаны почта арқылы хабарламалы тапсырысты хатпен қағаз түрінде почта немесе өзгелей байланыс ұйымы арқылы алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|