ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережелері
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қызметтің айрықша түрі мыналар болып табылатын және Салық кодексінің 121- бабына сәйкес қызмет атқаратын әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды: 1) косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызмет көрсету; 2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру; білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары орта оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында қызмет көрсету; 3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнесті қоспағанда) саласында қызмет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және оларды әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет көрсету; 4) кітапхана қызметін көрсету. 2. Декларация Декларацияның өзінен (150.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты қамтитын оған қосымшалардан (150.01 - 150.04 нысандары) тұрады. 3. Декларация қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. 4. Декларацияларды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|