ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 282-бабы 2 және 3 тармақтарына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа немесе өнімді бөлу туралы келісім-шартқа (жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (160-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын оған қосымшалардан (160.01-ден 160.31 нысандар бойынша) тұрады. 3. Декларация қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді. 4. Осы ережелерде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «═» - тең. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысанның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымшада (ларда) және (немесе) қосымша нысанда (дарда) көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымша (лар) және (немесе) қосымша нысан (дар) берілмейді. 7. Тиісті қосымшада (ларда) және (немесе) қосымша нысанда (дар) көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша (лар) және (немесе) қосымша нысан (дар) толтыруға жатады. 8. Қосымшаның немесе қосымша нысанның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшаның немесе қосымша нысанның осындай парағы толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|