ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын есептеуіне арналған Қосылған құн салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация осы Декларацияның өзінен (310.00-нысан), қосылған құн салығы бойынша салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (310.01-нысан) тұрады. Декларация жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта-қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды. 6. Қосымшада көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді. 7. Тиісті қосымшада ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырған кезде көрсетілген қосымша міндетті түрде толтыруға жатады. 8. Қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшаның осыған ұқсас парағы толтырылады. 9. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 10. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - « белгісімен белгіленеді. 11. Декларацияны беру кезінде: 1) қағаз түрінде келу тәртібінде - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|