ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын
1.Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Салық кодексінің 249-бабына сәйкес Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi (бұдан әрі - Өтініш) толтыру тәртiбiн айқындайды. 2. Өтініш осы Өтініштің өзінен (312.00-нысан) және оған қосымшалардан (312.01 және 312.02-нысан) тұрады. 3. Өтiнiш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 4. Өтiнiштi толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді. 6. Тиісті қосымшаларда ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырған кезде көрсетілген қосымшалар міндетті түрде толтыруға жатады. 7. Қосымшалар парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшалардың осындай парағы толтырылады. 1) келу тәртiбiнде - екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен қосылған құн салығын төлеушiге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - қосылған құн салығын төлеушi почта байланыс ұйымының хабарламасын алады. 9. Өтiнiшке қосылған құн салығын төлеушi тауарларды жеткiзуге шарттардың (келiсім-шарттардың) көшiрмесiн қоса бередi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|