ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша
Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны төлем көздерінен салық салынбайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс кіріс алатын жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлерді қоспағанда) жеке табыс салығын есептеуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердің шоттарында ақшалары бар жеке тұлғалар, сондай-ақ Салық кодексінің 144-бабы 12) тармақшасында көрсетілген кірістерінің мөлшері аталған тармақшада белгіленген шектерден асқан жеке тұлғалар жасайды. Декларация Декларацияның өзінен (200.00-нысан) және жеке табыс салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты қамтитын оған қосымшалардан (200.01 - 200.08 нысандар) тұрады. Декларация қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. Осы Декларация жасау ережелерінде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «═» - тең. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды. Қосымшаларда көрсетуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымшалар берілмейді. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асып түскен жағдайда, қосымшаның осындай парағы толтырылады. Тиісті қосымша нысанның көрсеткіштерін ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде, көрсетілген қосымша нысандар толтыруға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|