ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кірістеріне
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығы сомаларын есептеуге арналған Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кірістеріне салынатын жеке табыс салығы сомаларының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 153-1 немесе 187-1-бабына сәйкес салық агенті жасайды. 2. Есеп осы Есептің (201.06 нысан) өзінен және жеке табыс салығы салынатын объектілер туралы ақпаратты ашу бойынша қосымша нысандардан тұрады. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 6. Қосымша нысан(дар)да көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша нысан(дар) берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысан(дар)да деректерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтырған кезде аталған қосымша нысан(дар) міндетті тәртіпте толтырылуға жатады. 8. Қосымша нысанның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымша нысанның осындай парағы толтырылады. 9. Қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 10. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|