ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша есепті жасау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша жеке тұлғалар есептеген және төлеген төлем көзінен салық салынатын кірістерді (бұдан әрі - төлем көзінен салық салынатын кірістер), Салық кодексінің 24-тарауына сәйкес бюджетке есептелген және аударылған жеке табыс салығын ол бойынша Салық кодексінің 50-тарауында көзделген тәртіппен әлеуметтік салық есептелетін жұмыс берушінің қызметкерлердің табыстарын төлеуге шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды көрсетуге арналған Жеке табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті арнаулы салық режимдерін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардан басқа, Салық кодексінің 148-бабына сәйкес салық агенттері жасайды. 2. Есеп осы Есептің (201.00-нысан) өзінен және қосымша нысаннан тұрады. Қосымша нысан жыл қорытындысы бойынша толтырылады және 4-тоқсан үшін Есеппен бірге, сондай-ақ «Таратылған» торкөзі белгіленген Есепті тапсырған кезде табыс етіледі. 3. Есеп қағаз тасығышта қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымша нысандарда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда, қосымша нысаны берілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|