ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны жасау ережелері
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеу мен кірістерді мәлімдеуге арналған Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асырушы жеке тұлғалар - жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ Салық кодексінің 7-бөліміне сәйкес қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (220-нысан) және жеке табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу жөніндегі оған қосымшалардан (220.01-ден 220.26-ға дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 6. Қосымшада және (немесе) қосымша нысанда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда, аталған қосымша және (немесе) қосымша нысан берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. 8. Қосымшалардың немесе қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректері көрсетіледі. 9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде « - » белгісімен көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|