ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуге арналған Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 126-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша 200.00 нысан мен 220.00-нысанның Декларациясын табыс ететін жеке тұлғалар - жеке кәсіпкерлер береді. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады; 2) тапсырысты хатпен почта бойынша - салық агенті почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес электрондық түрде - салық төлеуші Есепті беру туралы хабарламаны (растауды) электронды түрде алады. 7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Есепті жасау (221.01-нысан)
8. Осы Есеп Салық кодексінің 126-бабына сәйкес Декларацияны тапсыруға дейін төленуге тиісті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуге арналған. 9. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді: 1) СТН - салық төлеушінің тіркелу нөмірі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|