Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-ө бұйрығына 8-қосымша
Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20-23 баптарына сәйкес жүргізіледі. 4. Мемлекеттік қызмет міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша қатерлер туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға құқылы азаматтарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - ЗТМО құрылымдық бөлімшесі) тұтынушының тұратын жері бойынша ЗТМО құрылымдық бөлімшесінің ғимаратында; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органы), тұтынушының тұратын жері бойынша Комитеттің аумақтық органының ғимаратында көрсетеді. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) болып табылады. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|