2008 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 55/3 шешімі (2008.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 85 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: Павлодар қалалық мәслихатының 2008.05.03. № 95/4 (2008 жылдың 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.04. № 117/5 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді 1. Павлодар қаласының 2008 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін: Павлодар қалалық мәслихатының 2008.02.07. № 163/8 шешімімен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) кірістер - 22764468000 (жиырма екі миллиард жеті жүз алпыс төрт миллион төрт жүз алпыс сегіз мың) теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 18211706000 (он сегіз миллиард екі жүз он бір миллион жеті жүз алты мың) теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 114574000 (жүз он төрт миллион бес жүз жетпіс төрт мың) теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2303961000 (екі миллиард үш жүз үш миллион тоғыз жүз алпыс бір мың) теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 2134227000 (екі миллиард жүз отыз төрт миллион екі жүз жиырма жеті мың) теңге; Павлодар қалалық мәслихатының 2008.02.07. № 163/8 шешімімен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) шығындар - 23103413000 (жиырма үш миллиард жүз үш миллион төрт жүз он үш мың) теңге; 3) операциялық сальдо - 338 945 000 (үш жүз отыз сегіз миллион тоғыз жүз қырық бес мың) теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу нөльге тең; 5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 62 208 000 (алпыс екі миллион екі жүз сегіз мың) теңге; қаржы активтерін сатып алу - 72 208 000 (жетпіс екі миллион екі жүз сегіз мың) теңге; қаржы активтерін сатып алудан түсетін түсімдер - 10000000 (он миллион) теңге; 6) бюджет тапшылығы - 401 153 000 (төрт жүз бір миллион жүз елу үш мың) теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|