Облыс шаруашылықтарына жатаған укекіре бойынша карантин қою және оның таралуына жол бермеу (2010.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 461 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.28.12. № 409 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1, 14 баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес жатаған укекіренің анықталған ошақтарын жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Әйтеке би, Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің аумақтарында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін. 2. Қосымшаға сәйкес жатаған укекіремен ластанған шаруашылықтарға жатаған укекіре бойынша карантин қойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) жатаған укекіремен күресудің шаралары мен әдістемелік нұсқауларына сәйкес укекіре ошақтарының таралуына жол бермеу және оларды жою шараларының мерзімінде және жоғары сапада жүргізілуіне тұрақты түрде бақылау жасайтын болсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ.Өмірзақовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және баспасөзде ресми түрде жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданыла бастайды.
Облыс әкімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|