|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті хатты қарап, мынаны хабарлайды. 2002 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Салық кодексі 226-бабының 2-тармағы жер учаскесін иелену және пайдалану және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру, жер учаскесін автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан (бұдан әрі - ҚҚС) босатылады дейтін редакцияда қолданылды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 188-бабының 1-тармағына сәйкес, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы екеніне, ал Салық кодексі 226-бабының 2-тармағында билік ету құқығын беру көзделмегенін ескере, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 20.11.2002 жылғы № НК-УМ-07-2-18/10922 хатпен жер учаскесін сату бойынша айналымға жалпылама белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс екені жөнінде түсіндірме берілген болатын. 2003 жылғы 1 қаңтардан осы кезге дейін Салық кодексі 226-бабының 2-тармағы жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру, жер учаскесін автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады дейтін редакцияда қолданылуда. Салық кодексі 10-бабының 3-тармағына сәйкес Салық кодексінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдары салаларындағы ұғымдар, егер осы Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|