Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 10 мамырдағы № 1444 Қаулысымен күші жойылды
Шымкент қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 2046 қаулысымен Бекітілген
«Жер учаскелері туралы анықтама беру»
1. Осы стандарт жер учаскелері туралы анықтама беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет 20 маусым 2003 жылғы № 442 Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармағы 14 тармақшасы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Дулати көшесі, 3 мекен-жайы бойынша орналасқан Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны жер учаскелері туралы анықтама беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетел азаматтарына, және азаматтығы жоқ тұлғаларға және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - өтініш беруші). 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі: 1) өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 12 күннен аспауы тиіс; 2) тиісті құжаттарды тапсыру үшін, кезек күту уақыты ең көп дегенде: 40 минуттан аспауы тиіс; 3) құжаттарды қайта алу үшін кезекте күту уақыты ең көп дегенде: 30 минуттан аспауы тиіс. 8. Осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, олардың үлгілері және оларды толтыру туралы толық ақпарат, Шымкент қаласы әкімдігінің веб-сайтында - www.akimat.net және Дулати көшесі, 3 мекен-жайы бойынша орналасқан Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің ресми ақпараттық дерек көздерінде, стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі, түскі ас үзілісін есептемегенде. Қабылдау, алдын-ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен іске асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|