Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы (2012.10.09. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.30.12. № 682 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарай келе, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығын қолайсыз сыртқы әсерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Белгіленсін: 1) жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, Шығыс Қазақстан облысында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - Қорық) ені 2 километрден кем емес қорғау аймағы, оның ішінде: Риддер қаласының жерлерінде - «Орман шаруашылығының Риддер мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі, «Орман шаруашылығының Пихта мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы» мемлекеттік мекемесі («Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» А-9 автожолының учаскесі, 163 километрден 191 километрге дейін) жерлерінің, босалқы жерлердің учаскелері; Зырян ауданының жерлерінде - «Орман шаруашылығының Зырян мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі, «Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі жерлерінің учаскелері; 2) Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының мөлшерлері мен шекаралары қорғау аймағын белгілеу жобаларына сәйкес (1-қосымша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|