Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (терапиялық сала)
Алматы 2007 ж.
Псориаз
1. Псориаз 2. Хаттама коды: P-T-013 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): L40 Қарапайым псориаз L40.3 Алақан-табандық пустулезі L40.4 Тамшытәрізді псориаз L40.9 Анықталмаған псориаз 4. Анықтамасы: Псориаз — аяқ қолдың бүгу беттерінде, бастың түкті бөлігінде, симметриялы орналасқан, тырнақ пен буындардың зақымдануы мүмкіндігімен эпидермалды папулалардың симметриялы орналасумен, мультифакториалды табиғаттағы рецидивті созылмалы генотиптік дерматоз. 5. Жіктемесі: 1. Қарапайым псориаз (вульгарлы) 2. Экссудативті псориаз 3. Себореялы псориаз 4. Рупиоидты псориаз 5. Экзематоидты псориаз 6. Сүйелді псориаз 7. Фолликулярлы псориаз 8. Алақан мен табан псориазы 9. Тырнақ псориазы 10. Пустулезді псориаз 11. Артропатиялық псориаз 12. Псориаттық эритродермия Ағым бойынша (стадиялар): үдемелі, стационарлық, регрессті. 6. Қауіп-қатерлі факторлар: Бай жанұялық анамнез, жарақат (физикалық, химиялық), эндокриндік бұзылыстар (жүктілік, менопауза), психогенді факторлар (психо-эмоционалды стресс), метаболиттік бұзылулар, инфекциялар (мысалы: бадамшадағы гемолиттік стрептококктар), кейбір дәрілік заттарды қолдану (мысалы: β- андреноблокаторлар, безгекке қарсы заттар), алкогольді жиі пайдалану. 8. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: Шағымдар: қышу үнемі тән емес, бірақ процесстің шашты бөлікте және бұтаралықта орналасуы кезінде интенсивті болады; терінің тартылу сезімі; буындардағы ауырсынулар (артропатиялық псориаз кезінде). Ауру анамнезі: ауру ағымы тез басталады: кезекті қатпарлар ай бойы болуы мүмкін. Тамшы тәрізді және пустулезді псориаз үшін кенеттен басталу тән, жиірек болған инфекциялардан, ЖРА кейін. 8.2 физикалық тексеру: 1. Перифериялық өсуге және түрлі көлем мен сызықтағы бляшкаларға қосылуға бейімді. борпылдақ күмісті-ақ қатпарлармен жабылған, қызғылт түсті папулалар. Бляшкалар оқшауланған, үлкен емес немесе ірі, тері жабындыларының көлемді жерін алып жатады. 2. Басым жағдайда орналасуы - аяқ пен қолдың бүгу беттерінде, (әсіресе шынтақ пен тізе), бастың түкті бөлігі, бел айналасы. 3. Псориаздық үштік: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|