Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (терапиялық сала)
Алматы 2007 ж.
Омыртқа остеохондрозы.
1. Омыртқа остеохондрозы 2. Хаттама коды: Р-Т-028 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): M42. Омыртқа остеохондрозы 4. Анықтамасы: Омыртқа остеохондрозы - омыртқааралық диск шеміршегі дегенеративті зақымдалуының және омыртқаның аралас денелері мен айналасындағы тіндер тарапынан реактивті өзгерістердің дамуымен мінезделетін ауру. 5. Қауіп-қатерлі факторлар: Омыртқа аномалиясы. Люмбализация немесе сакрализация. Омыртқааралық буындар қуыстарының асимметриялы орналасуы. Омыртқалық каналдың туа біткен тарлығы. Спондилогенді соматикалық және бұлшықеттік ауыру. Физикалық зорығу. Вибрация, мысалы, транспорт жүргізу кезінде. Психоэмоционалдық факторлар. Аз қозғалысты өмір салты. Темкі тарту. Семіздік. 6. Жіктемесі: Синдромды принцип - қандай нерв түзілулеріне патологиялық әсер етуіне байланысты, омыртқаның зақымдалған құрылымын - рефлекторлық және коммпрессиондық деп бөледі. Рефлекторлық - иннервацияланатын бұлшықеттердің рефлекторлы ширығуы, бұлшықет-тонустық бұзылулар, қантамырлық, вегетативтік, дистрофиялық. Компрессиондық түбіршек, нерв, жұлын немесе қантамырдың тартылуы, жаншылуы (тиісінше радикулопатия, нейропатия, миелопатия, радикулоишемиялық синдром). Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер: асқынулар, миелопатия құбылысы, радикулоишемия, арқалық қанайналымының бұзылуы Жоспарлы госпитализациялау үшін көрсетімдер: айқын ауыру синдромы; амбулаторлық ем тиімсіздігі; себепті анықтау үшін тексеру (көлемді процесс, қабынба, жарақат). 8. Диагностика критерилері: 1. Ауыру; 2. Тартылудың оң симптомдары. 3. Қозғалыстық және сезімталдылық бұзылулары. 4. Мануальді тестілеу 5. екі проекциядағы рентгенография 6. КТ және /немесе МРТ 8.1 шағымдар мен анамнез: Бел деңгейіндегі зақымданулар. Люмбаго. Люмбалгия. Люмбоишалгия. Алмұрттәрізді бұлшықет синдромы. Кокцигодиния. Компрессиондық синдром. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|