Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (хирургиялық сала)
Алматы 2007 ж.
Анустың және тік ішектің аурулары
1. Анустың және тік ішектің аурулары 2. Хаттама коды: P-S-004 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): K60 Анус және тік ішектің сызаты мен жыланкөзі 4. Анықтамасы: Анустың сызаты - дефекация кезінде және одан кейінгі айқын ауыру сезімімен, кейде нәжістіе аз мөлшерде қанның болуымен көрініс табатын артқыөтістік аймақ терісінің көлденең дефекті. Анус пен тік ішектен қан кетулер артқы өтістің сызатын, геморрой, дивертикулез, ангиодисплазиялар, ішектің қабыну ауруларында, ісіктер мен ишемиялық колит кезінде дамиды. 5. Жіктемесі: клиникалық ағымның сипаты бойынша жедел және созылмалы (сызат 2 айдан ұзақ жазылмаса). 6. Қауіп-қатерлі факторлар: жиі іш қатулар, диарея кезінде жиі үлкен дәрет, тағамдық талшықтарды аз мөлшерде қабылдау. 7. Біріншілік профилактика: колит, проктит, энтероколит, криптит, көтеуді дер кезінде және тиімді емдеу. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: үлкен дәретке барған кезде ауыру, қан кетулер пайда болады. Ауырсынулар үлкен дәреттен соң ашытып, қадалып бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға дейін созылады, олардың интенсивтілігі өте маңызды. 8.2 физикалық тексеру: анустың өзек қабырғасының дефекті сызықтық немесе пішіні үшбұрышты, ұзындығы 1-2 см, Хилтон сызығынан жоғары ауыспалы қатпарға жақын орналасқан және тікішек-артқы өтістік сызыққа дейін немесе одан жоғары жайылған сызат; дефекация актінің қиындауы, артқы өтістік қысқыштың спазмы; қан кетулер. Егер сызат орталық сызық бойынша орналаспаса, онда Крон ауруына күдік туады (1,4). 8.3. лабораторлық зерттеулер: тән емес 8.4. инструменталдық зерттеулер: тән емес 8.5. Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты. 8.6. Дифференциалды диагноз: тік ішек рагімен, туберкулезбен, мерезбен, ВИЧ, Крон ауруымен жүргізіледі. 9. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар тізімі: Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Қанның жалпы талдауы (гематокрит, гемоглобин, ЭТЖ) 2. Мерез және АИТВ қан талдауы. 3. Нәжістіғ құрамында жасырын қанды анықтау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|