Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (хирургиялық сала)
Алматы 2007 ж.
Жіті және жітілеу ирридоциклит
1. Жіті және жітілеу ирридоциклит 2. Хаттама коды: P-S-017 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H20.0 Жіті және жітілеу иридоциклит 4. Анықтамасы: Иридоциклит (ИЦ) көздік алманың тамырлық қабығының алдыңғы бөлімдерінің (нұрлы қабық пен кірпіктік дене) қабынуы. Оны ирит және меншікті ИЦ деп бөледі. Созылмалы ИЦ 6 аптадан астам, тамырлық қабықтың ұзақ қабынуы, әдетте симптомсыз, бірақ қайталануға бейім. 5. Жіктемесі: инфекциялық, инфекциялық-аллергиялық, жүйелік және синдромлық, жарақаттан кейінгі, этиологиясы анықталмаған. 6. Қауіп-қатерлі факторлар: жоғарғы тыныс алу жолдарының, ас қорыту жолдарының, ауыз қуысының инфекциялары, синуситтер. Жүйелік және синдромдық аурулар. Көз жарақаты. 7. Біріншілік профилактика: жоғарғы тыныс жолдары, асқазан-ішек жолдары, ауыз қуысын санациялау 8. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: Жарықтан қорқу, жас ағу, блефароспазм, көздегі ауыру сезімі, көру жітілігінің төмендеуі. 8.2 физикалық тексеру: Перикорнеалдық инъекция, қарашықтың тарылуы; Алдыңғы камера ылғалының опалесценциясы, фибрин немесе гипопион, сирек - гифема; Қасаң қабықтық немесе көзбұршақтық преципитаттар; Нұрлы қабық стромасының гиперемиясы мен ісінуі, нәтижесінде оның түсі өзгереді; Синехиялардың, көбінесе артқы синехиялардың, пайда болуы; Гипертензия немесе гипотония. 8.3 лабораторлық зерттеулер: тәне емес 8.4 инструменталдық зерттеулер: көзішілік қысымның төмендеуі 8.5 мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты 8.6 дифференциалды диагноз: жоқ 9. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар тізімі: Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Визометрия 2. Биомикроскопия 3. Офтальмоскопия Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. Тонометрия 2. Периметрия 3. Эхография 4. Бассүйекті шолу рентгенографиясын екі проекцияда орындау 5. Қанның жалпы анализі 6. Микрореакция 7. Стоматолог консультациясы 8. Отоларинголог консультациясы 9. Терапевт консультациясы 10. Фтизиатр консультациясы 11. ИФА Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|