Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (педриатриялық сала)
Алматы 2007 ж.
Балалар гастроэнтериттері
1. Балалар гастроэнтериттері 2. Хаттама коды: P-P-003 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): A09 Жұқпалы болып болжанатын диарея және гастроэнтерит A02 Басқа сальмонеллездік жұқпалар A03 Шигеллез A08 Вирустық және басқа анықталған ішек жұқпалары A05 Басқа бактериалды тағамдық уланулар 4. Анықтамасы: Диарея деп көбіне жиі болатын сұйық дәретті атайды, дәреттің жиілігі тәулігіне > 200мл. Эпидемиологиясы. Өнеркәсібі дамыған елдерде диареяның спорадикалық жағдайлар Campylobacter, Salmonella, Shigella, Esherichia coli, Yersinia микроорганизмдер түрлері, қарапайымдылар, вирустардан туады. Жартысынан көп жағдайда диарея себебін анықталмайды. Жіті гастроэнтерит диареямен немесе жүрек айну және құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауруы белгілерінсіз өтеді. Балаларда спецификалық белгілер көбіне білінбейді. Диареяны жиіленген сұйық дәреттің болуында нақтамаланады. Диарея сұйық дәрет және күніне ең азы, 3 рет дәретке баруымен анықталады. 5. Жіктемесі: 1. Бөліністік диарея; 2. Инвазивті диарея. Қауіп-қатерлі факторлар: 1. жіті және созылмалы түрімен ауыруы, бактерия бөлгіштер; 2. санитарлық-гигиеналық режимді бұзушылық; 3. ертежастағы балалар; 4. фондық патологиясы бар балалар; 5. иммунды тапшылықты, иммунды супрессивті жағдайлар. 8. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: эпидемиологиялық анамнез; 8.2 физикалық тексеру: 1. уыттану синдромы (жіті жұқпалық токсикоз); 2. сусыздану синдромы (дегидратация, эксикоз); 3. қызба; 4. гастроинтестиналды синдром. 8.3. лабораторлық зерттеулер: Копрологиялық анализ; Патогенді микрофлораға нәжісті бактериологиялық себу. 8.4. инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген 8.5. Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: бес күн ішінде емнен тиімділік болмаса гастроэнтеролог консультациясы. 8.6. Дифференциалды диагноз
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|