Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (педриатриялық сала)
Алматы 2007 ж
Балалар циститі
1. Балалар циститі 2. Хаттама коды: P-P-014 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N30 Цистит 4. Анықтамасы: Цистит - сілемейлі қабаттың басым көпшілігінің зақымдануымен бірге қуықтың қабынулық ауруы. 5. Жіктемесі: 1. аурудың ағымы бойынша: - жіті; -созылмалы; 2. шығу тегі бойынша: - біріншілік; - екіншілік; 3. Этиологиясы мен патогенезі бойынша: - жұқпалы; -химиялық; -сәулелік; - паразитарлық; - қант диабетінде; - жұлындық ауруы бар науқастар; - аллергиялық; - алмасулық; - ятрогенді; - нейрогенді; 4. Қабыну процесінің шоғырлануы мен таралуы бойынша: - диффузды; - мойындық; - тригонит; 5. Морфологиялық өзгерістер сипаты бойынша: - катаралды; - геморрагиялық; - ойық жаралық және фиброзды-ойық жаралы; - гангренозды; - инкрустирлейтін; - ісікті; - интерстициалды. 6. Қауіп-қатерлі факторлар: 1. иммунды тапшылықты жағдайлар; 2. қуық сілемейіне кейбір дәрі-дәрмектердің ұзақ әсер етуі (цитостатика); 3. зәр шығару жүйесінің туа біткен ақаулары, қуықтағы тастар; 4. қуықтың нейрогендік дисфункциясы; 5. қуық сілемейлі қабатының жарақаттануы. 7. Біріншілік профилактика: 1. Мұздаудан сақ болу 2. Жиі зәр шығару режимі 3. Жеткілікті сұйықтық режим 4. Іш қатуларды болдырмау 5. Сыртқы жыныс ағзаларының гигиенасы 8. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: 1. жиі ауырсынған зәр шығару; 2. зәрдің жіті іркілуі 8.2 физикалық тексеру: 1. жиі ауырсынған зәр шығару; 2. қасаға үсті аймағын пальпациялағанда ауру сезімінің болуы. 3. зәрағар сыртқы тесігінің гиперемиясы (жиі жағдайда уретрит) 8.3 лабораторлық зерттеулер: 1. зәрдің анализде өзгеруі - лейкоцитурия, гематурия болуы мүмкін, белок - тән емес (тек пішіндік элементтердің есебінен); 2. бактериурия 105м.т./мл және одан да жоғары вирустық этиологиядан басқа; 8.4. инструменталдық зерттеулер: Қуық УДЗ: Қабырғалар қалыңдаған, қуықта үлкен көлемдегі қалдық, микциядан соң қалдық зәр Бүйрек УДЗ: гиперрефлекторлы қуық есебінен жинаушы жүйенің кеңеюі Цистография көрсетімдер бойынша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|