Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Альгодисменорея
1. Альгодисменорея 2. Хаттама коды: P-O-001 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N94 Етеккір оралымы және әйелдердің жынсытық мүшелерімен байланысты аурулар және басқа да жағдайлар. N94.0 Етеккір оралымы кезіндегі аурулар N94.1 Диспареуния. 4. Анықтамасы: Альгодисменорея (альгоменорея, дисменорея) етеккір күндері құрсақ асты ауруымен қатар эмоционалды психикалық вегетативтік, вегетативтік-түтікшелі және эндокриндік алмасу белгілері бар циклдік патологиялық процесс. Ауырып келетін етеккір ауруларының белгілері: 1. жан дүниелік-көңіл-күйлік - тітіркену, тәбеттің болмауы немесе мешкейлік, тежелу немесе әлсіреу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, әр түрлі иістерді көтере алмау, дәм сезудің (талғамның) бұрмалануы және т.б. 2. Дербес жүйелік - жүрегі айну, кекіру, ықылық тию, ыстықтау, терлеу, асқын қызыну, ауыздың құрғауы, жеңіл дәретке көп шығу, үлкен дәрет сындыруға күшену, іштің кебуі және т.б. 3. Дербес жүйелік-тамырлы - толықсу, бас ауыру, бас айналуы, жүрек қағуы, жүрек соғуының сиреуі, кезектен тыс жүректің жиырылуы, жүректің ауыруы, қол-аяғы ұйып қалу және мұздау, қабақтың және беттің ісуі т.б. 4. Ішкі сөлденістік алмасу - құсу, аяқтың ылғалдануын сезіну, тез ілсіреу, терінің қышуы, буындардың ауруы, ісіктер, шыжың яғни зәрдің көп шығуы т.б. 5. Жіктемесі: - Алғашқы (функционалды) етеккірдің ауырып келуі жас жеткіншек қыздарда овуляциялық айналым қалыптасқан сәттен бастап алғашқы етеккірден кейін 6-12 айдан соң пайда болады, жыныс мүшелерінің патологиялық өзгерістері болмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|