Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Жүкті әйелдер анемиясы
1. Жүкті әйелдер анемиясы 2. Хаттама коды: P-O-003 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): D50 Жүктілікті ауырлататын қан аздық, босану немесе босанғаннан кейінгі кезең 4. Анықтамасы: Теміртапшылықты анемия (ТТА) - гемоглобин жинақталуының төмендеуімен, кейде эритроциттер саны мен қанның түсті көрсеткішінің шамалы азаюымен сипатталатын күй. 5. Жіктемесі: ДДҰ /ЮНИСЕФ ,1997 Темір тапшылықты қан аздық · І дәрежелі (гемолобин 110-90 г/л) · ІІ дәрежелі (гемолобин 90-70 г/л) · ІІІ дәрежелі (гемолобин 70 г/л төмен) 6. Қауіп-қатерлі факторлар: 1. Қан аздық сырқатының таралуына қолайлы аймақ; 2. Жүктілікке дейін етеккірі өте мол әрі ұзақ келген қаралушылар; 3. Бірінен кейін бірі болатын (үздіксіз) жүктілік; 4. Көп ұрықты (бірнеше нәрестелі) жүктілік ; 5. Ұзақ емізу; 6. Қоректенудің жетіспеушілігі; 7. Асқазан-ішек жолдары ағзаларының ауыруына,гельминттерге байланысты ішекте сіңірілудің бұзылуы; 8. Асқазан-ішектен қан кету; 9. Басқа елдерден келгендерде безгек пен гемоглобинопатия салдарынан болған гемолиз; 10. Босанудан кейінгі кезеңдегі Қауіп-қатерлі факторлар: босану кезінде ашық қан кетуі, көп ұрықты жүктілік. 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: 1. қандағы гемолобин деңгейі 110г/л төмен, эритроцит жинақталуы 3,5млн/мл аз, ЦПК 0,8-0,85-тен аз, гематокрит 30-33%-дан төмен; сарысулық темір, ферритин. 2. Анемияның клиникалық симптомдары 8.1. шағымдар мен анамнез: астеновегетативті синдром: әлсіздік, бас айналу, талмалар, жүрек қағуы, ентікпе, бұлшықеттік әлсіздік; сидеропениялық синдром: тері құрғақтығы және атрофиялылығы, тырнақ және шаштың сынғыштығы, шаштың түсуі, дәм сезудің өзгеруі, тамақпен бірге бор, тіс пастасын, балшық, шикі талқан, жикі кофе, күнбағыстың тазаланбаған дәнін жеуге әуестену, иіс сезудің өзгеруі, бензин, ацетон, әк иісіне құмарлық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|