Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі
1. Ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі 2. Хаттама коды: P-O-005 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): О36.5 Анаға медициналық жәрдем көрсету талап етілетін ұрық өсуінің жеткіліксіздігі. Р05. Ұрық өсуінің баяулауы және қоректенуінің жеткіліксіздігі. Р05.0 Ұрықтың гестациялық жасына қарай «салмақ аздығы». Р05.1 Ұрықтың гестациялық жасына қарай мөлшерінің (көлемінің) кішілігі. Р05.2 Гестациялық жасына қарай мөлшерінің (көлемінің) кішілігі немесе «салмақ аздығын» ескермегенде, нәресте қоректенуінің жеткіліксіздігі. -гестациялық жасына қарай «салмақ аздығы». (Р05.0), -гестациялық жасына қарай мөлшерінің (көлемінің) кішілігі (Р05.1) туралы ескерілгенде, нәресте қоректенуінің жеткіліксіздігі болмайды. Р05.9 Ұрық өсуінің баяулауы анықталмаған. 4. Анықтамасы: ұрықтың құрсақта дамуының тежелуі -фетометрия мәліметтеріне немесе нәрестені алғашқы УЗ-сканирлеу мәліметтеріне қарай соңғы етеккірдің бірінші күні бойынша жүктілік мерзімінен нәресте өлшемдерінің төмен болуы. 5. Жіктемесі: Пайда болу уақытына қарай : ерте түрі; кеш түрі; Даму типіне қарай: симметриялы түр; ассимметриялы түр. 6. Қауіп-қатерлі факторлар: 1.Әлеуметтік - экономикалық жағдай; төмен әлеуметтік-экономикалық статус; медициналық көмектің қолжетімсіздігі; кәсіптік зияндылықтар; «зиянды әдеттер» (шылым шегу,алкоголь, есірткілер). 2. Тамақтану: жүкті әйелдің бастапқы дене салмағы төмен; жүктілік кезінде дене салмағының жеткіліксіз қосылуы; ұзақ ашығу; вегетариандық емдәм,белгілі бір ғана тағамға құштарлық. 3. Қосарлас аурулар: созылмалы артериялық гипертензия; тамырларды зақымдаушы сусамыр ауруы; бүйрек ауруы; аутоиммундық аурулар; гемоглобинопатия; ауыр анемия; жүректің қан айналымы жеткіліксіздігінің белгілері бар туа біткен ақаулары. 4. Ананың жұқпалы аурулары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|