Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Жүктілік кезіндегі зәр шығару жолдары мен жыныс жүйесінің инфекциясы
1. Жүктілік кезіндегі зәр шығару жолдары мен жыныс жүйесінің инфекциясы 2. Хаттама коды: P-O-009 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): О23. жүктілік кезіндегі зәр -жыныс жолдары инфекциясы О23.0 жүктілік кезіндегі бүйрек инфекциясы О23.1 жүктілік кезіндегі қуық инфекциясы О23.2 жүктілік кезіндегі үрпі инфекциясы О23.3 жүктілік кезіндегі зәр жолдары басқа бөлімдерінің инфекциясы О23.4 жүктілік кезіндегі зәр жолдарының анықталмаған инфекциясы О23.5 жүктілік кезіндегі жыныс жолдарының инфекциясы О23.9 жүктілік кезіндегі зәр-жыныс жолдарының басқа және анықталмаған инфекциясы. 4. Анықтамасы: Зәр-жыныс жолдарының жүктілікті,босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын жұқпалы аурулары. 5. Жіктемесі: 1.Жүктілердің 2-11% әйгіленімсіз бактериурия анықталады - зәр шығару ағзаларын бактериялардың дизуриялық белгілерсіз персистирлеп жаулап алуы; 2. Жүктілердің 1,3 % қуықтың жіті қабынуы анықталады; 3. Жүктілердің 1-2,5% бүйрек түбекшесінің жіті қабынуы,10-18% бүйрек түбекшесінің сүле қабынуы кездеседі; 6. Қауіп-қатерлі факторлар: 1.Үрпінің қысқалығы; 2.Үрпінің сыртқы үштен бірінде іншек пен тік ішектен түскен микроорганизмдер ұдайы болады; 3. Әйелдер өз қуықтарын толық босатпайды; 4. Жыныс қатынасы кезінде қуыққа бактериялар түседі; 5. Микробқа қарсы құралдарды қолдану; 6. Жүктілік; 7. Әлеуметтік-экономикалық статусының төмендігі; 8. Бала емізетін әйелдер; 9. Бүйрек түбекшесінің сүле қабынуы; 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: жиі зәр шығару 8.2 физикалық тексеру: дизуриялық бұзылыстар, кіші дәретке жиі отыру,кіші дәретке бұйрықты (императивті) барғысы келу, уыттану белгілері); 8.3 лабораторлық зерттеулер: зәрде лейкоциттер мен белок санының көбеюі,бактериурия 1мл. зәрде 100000-нан астам микроорганизм; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|