Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Кандидоздық вульвовагинит
1. Кандидоздық вульвовагинит 2. Хаттама коды: P-O-010 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): В37.3 Сарпай мен іншек кандидозы. 4. Анықтамасы: Сарпай мен іншектің кандидалық қабынуы (кандидозный вульвовагинит) - іншек сілемей қабығының Candida текті дрожжи сияқты саңырауқұлақтар тудыратын клиникалық көрінісі бар қабынуы (жиі басқа да сыртқы жыныс мүшелерінің). 5. Жіктемесі: 1. Жіті (2 айдан артық емес); 2. Созылмалы (ауыру ұзақтығы 2 айдан артық); 3. Қайталамалы (жылына 4және одан да көп көрініс) - 5%. 6. Қауіп-қатерлі факторлар: 1. Қантты диабет; Жүктілік; Семіздік (май басу); Антибиотиктермен,кортикостероидтармен,иммунодепрессанттармен емдеу. 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: сарпайдың қышуы, ауырсынуы, іншектен шығындылар 8.2 физикалық тексеру: сарпайдың қышуы, ауырсынуы, іншектен шығындылар, салдарлық дизуриялық құбылыстар,сарпай, іншек тіндерініңқызаруы, қабыршақтануы,ісіну, экскориациялар, іншек сілемейлі қабатында сылынуы қиын ақ немесе сары өңез); 8.3 лабораторлық зерттеулер: іншек жағындысінен саңырауқұлақ мицелиінің немесе жалған гифенің табылуы. 8.4 инструменталдық зерттеулер: жоқ 8.5 мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияға байланысты. 8.6 дифференциалды диагноз: жоқ 9. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. саңырауқұлақ мицелиін немесе жалған гифені табу мақсатында жағындынің тікелей микроскопиясы; 2. Грамм бойынша боялған жағындынің микроскопиясы; 3. Өсіндіні тексеру әдісі. Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ. 10. Емдеу тактикасы: 10.1 ем мақсаты: ремиссияны индукциялау, асқынуларды басу. 10.2. дәрі-дәрмексіз ем: жоқ 10.3. дәрі-дәрмектік ем: Сарпай мен іншектің жіті кандидозы: *клотримазол 1% крем 5,0 іншекке 7-14 күн; клотримазол - іншектік таблеткалар 100 мг тәулігіне 1реттен 7күн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|