Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Жатыр лейомиомасы
1. Жатыр лейомиомасы 2. Хаттама коды: P-O-011 3. АХЖ 10 бойынша коды (кодтары): D25. Жатыр лейомиомасы. 4. Анықтамасы: Жатыр лейомиомасы -дәнекер тін элементтерінің тегіс бұлшықет жасушаларынан түзілген қатерсіз ісік. 5. Жіктемесі: 1. Орналасуы және өсу бағытына қарай: - Ішперде астылық (сірі астылық -субсероздық) - миоматоздық түйіннің жатыр сірі қабығының астында іш қуысына қарай өсуі(іш қуысында орналасуы,дәнекер ішінде орналасуы). -Сілемей астылық (субмукоздық) - миоматоздық түйіннің жатыр сірі қабығының астында ағза қуысының әр жағына өсуі (жатыр қуысында, туып келе жатқан,туған). - Қабырға ішілік (интерстициалық) - түйіннің жатыр бұлшық етінің қалың қабатында өсуі (жатыр денесінде,жатыр мойнында). 2. Клиникалық көріністеріне қарай: Жатырдың әйгіленіссіз миомасы (70-80% жағдайда). Жатырдың әйгіленімді миомасы (етеккір оралымының менометроррагия, дисменоррея типімен бұзылуы, айқындығы мен сипаты түрлі дәрежедегі ауырсындыру белгілері (тартып, толғақ тәрізді ауыру); жамбас ағзалары қысылуы сезімі және /немесе олардың қызметінің бұзылуы; бедеулік; әдетті мерзіміне жетпей босану; салдарлық анемия). 6. Қауіп-қатерлі факторлар: Гормондық бұзылыстар;өсудің инсулинтәрізді факторы,әсудің эпидермиялық факторы,әсудің трансформациялық факторы,әйелдің жыныстық гомондары(эстроген,прогестерон). Бұрын босанбағандар. Семіздік (май басу). Шылым шегу. 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: Жатыр көлемінің үлкеюі. Етеккір оралымының бұзылуы. Ауырсындыру белгілері. Жамбаста жақын жатқан ағзалар қызметінің бұзылуы. Жатырдың қатерлі жаңа түзілістерінен ажыратып анықтау,қатерлі ісікке айналуына(малигнизация) күдік туса және/немесе расталса, онкологиялық ауруханаға міндетті түрде жатқызу. 9. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. УДЗ динамикада. 2. Іншекті динамикада тексеру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|