Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Физиологиялық жүктілікті бақылау
1. Физиологиялық жүктілікті бақылау 2. Хаттама коды: P-O-012 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Z34 . Қалыпты жүктілік ағымын бақылау . 4. Анықтамасы: Физиологиялық жүктілік - ұзақтығы 37-42 аптаға созылатын, (276-294 күн), нәтижесінде мерзіміне жеткен тірі нәресте дүниеге келетін жүктілік. 5. Жіктемесі: жоқ 6. Қауіп-қатерлі факторлар: жоқ 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: жүктіліктің гестациялық мерзіміне сәйкес физиологиялық ағымы. 9. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: тактиканы қара Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: тактиканы қара 10. Жүктілікті бақылау тактикасы: Алғашқы тексеру жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімде бірінші медициналық тексерумен бірге өткізіледі. Жүктіліктің 12- аптасында өткізілетін бірінші медициналық тексеру: Жүкті әйелдің жасы.18-ге дейінгі және 35-тен асқан жүкті УДЗ жолданады. Әйелге тексерудің қосымша әдістері туралы мәлімет беру керек,өйткені ол оларды жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдауға тиіс. Жүктінің дене салмағы.Дене салмағының индексі 25,0-ден артық болса глюкозаға төзімділігіне (толеранттылық) тест және УДЗ өткізу қажет. Салмағы артық жүктілер рационында калория мен белокты шектеу, сондай-ақ жүктіліктің бастапқы кезеңінде салмақты көп қосқандарға бұл өте тиімсіз, тіпті нәрестенің дамуына зиянды әсер етуі мүмкін. - Жүктілік мерзімін анықтау (жүкті 12-14 аптада УДЗ өтеді. ) · Соңғы етеккір мезгілі,оның сипаты (етеккір сипаты әдеттегіден өзгеше болған жағдайда УДЗ-ге жлдау қажет). · Нәтижесі оң болған жағдайда, жүктілікті анықтауға арналған тест уақыты. ·Етеккір оралымының реттілігі (тым ретсіз). - Әйел жүктіліктен сақтандыратын дәрілер ішкен бе (жүктіліктің дәл алдында қабылдаған ба?) - Алдыңғы жүктілік ағымы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|