Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Медициналық жәрдем көрсетуді талап ететін резус-иммунизация
1. Медициналық жәрдем көрсетуді талап ететін резус-иммунизация 2. Хаттама коды: P-O-014 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): 036.0 Анаға медициналық жәрдем көрсетуді талап ететін резус-иммунизация. 4. Анықтамасы: Жүктінің резус-иммунизациясы - RhD -теріс жүкті қанынан жолдастық (тосқауыл) кедергі арқылы нәрестенің организмінде экстрамедуллярлық қан түзу ошақтарын қалыптастырумен RhD- оң эритроциттерін күйретуге бағытталған антиденелердің өтуі нәтижесінде пайда болатын иммунобиологиялық үрдістер кешені. 5. Жіктемесі: жоқ 6. Қауіп-қатерлі факторлар: 1.Жүкті қанының RhD -теріс тобына жатуы; Ілгеріде өздігінен немесе таңдамалы түсік болуы; Инвазиялық шаралар ( хорион биопсиясы,амниоцентез, кордоцен-тез); Екінші қайтара жүктілік; Жүктіліктің II-III триместрлерінде қан кету; Сыртқы акушерлік айналыс (м); Іш (қарын) жарақаты; Анамнезінде орны ауысқан (эктопиялық) жүктілік; Анамнезінде толық емес қуықтық кірмелер Кесар тілігі; Анамнезінде жатыр қуысын қолмен тексеру; Анамнезінде нәрестенің өлі тууы немесе құрсақ ішінде өлуі; Анамнезінде нәрестенің иммундық емес шемені; Ілгеріде RhD- оң қан құю; Тормбоциттер трансфузиясы. 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: 1.Ана қанында Rh-ықпалға антиденелер титрі 1: 4-тен артық болуы ; 2. Нәрестеде гемолитикалық ауру белгісінің болуы. 9. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1.Әйелдер консультациясына/емханаға алғаш келгенде жүкті мен оның күйеуінің қан тобы мен Rh- факторын анықтау; 2. Жүктіліктің 28 аптасында сезімталдық жоқ болған жағдайда және әйелдер консультациясына/емханаға алғаш келгенде ана қанындағы RhD-антидене скринингі; 3. RhD - ықпалға антидене табылған жағдайда, 20-28 апта мерзімінде ай сайын скрининг жасалады, 28-32 аптада айына 2 рет, 32 аптадан кейін босанғанға дейін аптасына 1 рет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|