Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Түсік қаупі
1. Түсік қаупі 2. Хаттама коды: P-O-016 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): 020.0 - түсік қаупі 4. Анықтамасы: Өздігінен түсік тастау (ӨТт) - жүктіліктің 22 аптасына дейін әбден жетілмеген,өмір сүруге қабілетсіз,немесе салмағы 500г дейін нәрестенің тууымен аяқталып, өз бетімен үзілуі. Эпидемиология: ӨТт жиілігі жүктілігі анықталған 15 пен 44 жас аралығындағы әйелдердің 15-20 пайызын құрайды, ӨТт шынайы жиілігі табиғи сұрыптауды ескергенде, 50 пайызды құрайды. 5. Жіктемесі: ӨТт кезеңіне қарай: ӨТт қаупі - түрлі қарқынды ауырсындыру белгілері,жыныс жолдарынан жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерінсіз қаншымақ бөлінуі; басталған ӨТт - ауырсындыру белгілері, жыныс жолдарынан жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерімен қоса шамалы қаншымақ бөлінуі; Өздігінен түсік тастау (аборт в ходу) - іш астының толғақ тәрізді ауыруы,жатыр мойнының делатациясы негізінде (фонында)жыныс жолдарынын қаншымақ бөлінуі: Толық өздігінен түсік тастау - жатыр қуысынан ұрық жұмыртқасының толық шығуымен аяқталады; Орындалмаған (болмаған ) ӨТт - жатыр қуысында өмірге қабілетсіз ұрық жұмыртқасының 3 апта және одан ұзақ мерзімге қалып қоюы; Жұқпалы ӨТт - жұқпалар белгісімен ілеседі; дағдылы ӨТт - ӨТт жағдайлары 2 және одан көп рет. Мерзіміне қарай: ерте ( жүктіліктің 12 аптасына дейін) және кешеуілдеген (жүктіліктің 13-22 апталарында). 6. Қауіп-қатерлі факторлар: анабез, бүйрек үсті безі қабығының патологиясы және қызметінің бұзылуы, жыныс ағзаларының қабынулары,бұрын жасалған,әсіресе бірінші жүктілікте, жасанды түсіктер,резус- конфликт,хромосомдық ауытқулар. Әйел жыныс мүшелері дамуындағы ауытқулар,жыныс ағзаларының ісіктері (жатыр миомасы),жыныс мүшелерінен тыс аурулар,әлеуметтік факторлар (ауыр дене еңбегі,кәсіптік зияндылықтар т.б.). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|