Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Жатырдың созылмалы қабынбалы ауруы
1. Жатырдың созылмалы қабынбалы ауруы 2. Хаттама коды: P-O-017 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): № 71.1 Жатырдың сүле (созылмалы) қабынулық аурулары 4. Анықтамасы: жоқ 6. Жіктемесі: Ағымына қарай : 1. Жіті 2.Жітілеу 3. Созылмалы 6. Қауіп-қатерлі факторлар: 1.Жатыр ішілік кез келген әрекет, мысалы,жатыр ішіне спираль енгізу; 2. жүктілікті хирургиялық жолмен үзу; 3. жыныстық бірнеше серік; 4.сақтанудың тосқауылды әдістерін қолданбаған және етеккір кезіндегі жыныстық қатынас; әйел жыныс ағзаларының бұрын болған қабынбалық аурулары бұрын анықталмаған «жасырын» жұқпалардан қалған сүле қабыну үрдісінің сақталу мүмкіндігі және іншек дисбактериозының дамуы; Мұздау (қатты суық тию). 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: Іштің төменгі екі жағының ауыруы. -Жыныс жолдарынан патологиялық шығындылардың бөлінуі: -Қанды шығындылар. -Қызба. Әр науқастың клиникалық әйгіленім ауырлығы әр түлі болады және ауру тіпті әйгіленімсз өтуі де мүмкін. Объективті мәліметтер: -Жатыр мойны мен денесінің ауырсынуы, -Анабез көлемінің үлкеюі немесе анабездік түзілістер және олардың ауырсындыруы. Лабораторлық зерттеулер: -Қанның С-реактивті белоктың концентрациясын анықтау. -Зәрдің жалпы анализі (ажыратып анықтау үшін). -Қанның жалпы анализі (ЭТЖ (СОЭ) көтерілуі, лейкоцитоз). Келесі патологияда ажыратып анықтау қажет: -Жіті соқыр ішек. -Орны ауысқан (эктопиялық) жүктілік. -Анабез кистасы. -Жыныс жолдарының жұқпасы. Диагностика принциптері: -Іштің төменгі екі жағының ауыруы. -Жыныс жолдарынан патологиялық шығындылар бөлінуі. -Дисфункциялық жатырдан қан кету. -Қызба. -Жатыр мойны мен денесінің ауырсынуы, -Анабез көлемінің үлкеюі немесе анабездік түзілістер және олардың ауырсындыруы. -Перигепатит дамығанда іштің жоғарғы оң жағында ауырсындыру білінеді. -Жыныс жолдарынан сілемейлі-іріңді шығындылар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|