Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Эндометриоз
1. Эндометриоз 2. Хаттама коды: P-O-018 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): № 80 Эндометриоз 4. Анықтамасы: Эндометриоз - жатыр қуысынан тыс аймақта морфологиялық және қызметтік (функциялық) сипаттары бойынша эндометрияға ұқсас тіндер өсіп-өнетін патологиялық үрдіс. 5. Жіктемесі: Патологиялық үрдістің орналасуына қарай: 1.Жыныс мүшелерінен тыс (экстрагениталдық) эндометриоз (ішектерде, шарбыда, қуықта, бүйректе, отадан кейінгі тыртықта, кіндікте, өкпеде). 2.Жыныс мүшелеріндегі эндометриоз: А. Ішкі (жатыр денесіндегі эндометриоз( оның ішінде аденомиоз), жатыр түтіктерінің интрамуралдық бөліктеріндегі эндометриоз); Б. Сыртқы (анабездегі, іншектік ретроцервикалық, жатыр түтікшелеріндегі, жатыр мойнының іншектік бөліміндегі, жатырдың жұмыр байлымындағы,сыртқы жыныс мүшелеріндегі, шаптағы эндометриоз). II. Клиникалық әйгіленімдерінің айқындығына қарай: 1.Әйгіленімсіз эндометриоз, 2. Клиникалық көріністері бар эндометриоз: -етеккір оралымына байланысты ауыру белгілерінің айқындылығы түрлі дәрежеде; -етеккір қызметінің гиперполименоррея, альгодисменоррея типімен бұзылуы және етеккір алдында және соңында қаншымақ бөлінуі; -бедеулік - 45-50% 6. Қауіп-қатерлі факторлар: Гормондық бұзылыстар; эндометрияның жатыр қуысынан басқа орынға ауысуы, иммунологиялық бұзылыстар, эндометрияның метаплазиясы, генетикалық патология. 7. Біріншілік профилактика: ауру дамуына әсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар. 8. Диагностика критерилері: 8.1 шағымдар мен анамнез: етеккір алдында немесе кейін жағылмалы шығындылар 8.2 физикалық тексеру: Альгодисменоррея, етеккір алдында және соңында ұзақ уақыт қаншымақ бөлінуі, қан кету, бедеулік 8.3 лабораторлық зерттеулер: тән емес 8.4 инструменталдық зерттеулер: УДЗ бойынша - миометрияда, анабезде құрылымдық өзгерістер, кольпоскопияда - эндометроидты ошақтар . 8.5 мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты 8.6 дифференциалды диагноз: жоқ 9. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Іншектік тексеру (е.о.5-7 және 18-22 к.) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|