Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы (2012.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2008.04.02. № 92 Қаулысымен бекітілді
2008 жылғы 21 наурызда күшіне енді
Ресми расталған мәтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Үкіметтер атынан, бұдан әрі - Тараптар, әр адамның дене шынықтыру және спортпен айналысуға құқығынан және осы құқықты жүзеге асыруға мемлекеттің жауапкершілігінен шыға отырып, Достастық елдері халықтарының арасында дәстүрлі қалыптасқан байланыстарды, олардың сақталуына деген өзара мүдделікті назарға ала отырып, Тараптардың халықаралық спорттық байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға ұмтылысын білдіре отырып, Тараптардың теңдік және өзара құрмет принциптеріне негізделген дене шынықтыру және спорт саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту және жетілдіру тілегін растай отырып, осы қатынастарды Тараптардың дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік органдары, ұлттық олимпиадалық комитеттері, халықаралық, өңірлік және басқа да дене шынықтыру-спорттық ұйымдары арасында кең ынтымақтастық арқылы дамытуды қалай отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда Тараптар ынтымақтастығының тетігін құру қажеттігін сезіне отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуға Тараптардың мемлекеттік органдары, ұлттық олимпиадалық комитеттері, ұлттық спорт федерациялары (одақтар, қауымдастықтар), халықаралық, өңірлік және басқа да дене шынықтыру-спорттық ұйымдары мен бірлестіктері бағыты бойынша жәрдемдеседі, олардың дене шынықтыруды, спортты және олимпиадалық қозғалысты тиімді дамытуға бағытталған бастамаларын қолдайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|