Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Акушерлік-гинекологиялық сала)
Алматы 2007 ж
Әйелдің жыныс ағзаларын зардаптаған жыланкөздер
1. Әйелдің жыныс ағзаларын зардаптаған жыланкөздер 2. Хаттма коды: Р-О-030 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N82 Әйелдің жыныс ағзаларын зардаптаған жыланкөздер Ережеден шығарылған: қуықтық-ішектік жыланкөз (N32.1 ). № 82.0 Қуықтық-іншектік жыланкөз № 82.1 Әйелдің зәр-жыныстық жолдарының басқа жыланкөздері № 82.2 Іншектік - ашішектік жыланкөз № 82.3 Іншектік-тоқішектік жыланкөз № 82.4 Әйелдердің ішектік-жыныстық басқа жыланкөздері № 82.5 Әйелдердің жыныстық-терілік жыланкөздері № 82.8 Әйелдердің жыныстық мүшелерінің басқа жыланкөздері № 82.9 Әйелдердің жыныстық мүшелерінің дәлелденбеген жыланкөздері. 4. Анықтамасы. Зәржыныстық жыланкөздері - бұл зәр мүшелерінің жарақаттары немесе патологиялық босанулар, акушерлік және гинекологиялық операциялар уақытында трофикалық бұзылыстар нәтижесінде туындайтын және салыстырмалы жас шағында мүгедектікке келтіретін, ауыр және салыстырмалы жиі кездесетін ауру. Қуық-іншек жыланкөздері - зәр қабы мен іншек қабырғаларының тұтастығы бұзылуы. Қуық-жатыр жыланкөздері - зәр қабы мен жатыр қабырғаларының тұтастығы бұзылуы. Қуық-қосалқылар жыланкөздері - іріңді түтікжұмыртқалық ісіктер, дермоидтық кистатар қуық қабынса еніп кету нәтижесінде қуық қабы қабырғаларының тұтастығы бұзылуы. Зәр-іншектік/зәрағар-жатырлықтар - гинекологиялық операциялар уақытында васкулярлық бұзылуы немесе зәрағар жарақаттануы салдарынан болатындар. Зәр өзегі-іншектік жыланкөздер - босану болдыру және гинекологиялық операцияларда зәр жолы жаралануы және жамбас сүйектері сынуымен ауыр жарақат салдарынан болады. Құранды жыланкөздер - патологиялық процесске зәржыныс жүйесінің бірнеше бөлімі тартылған (зәрағар - қуық-іншектік жыланкөздер, зәржыныс мүшелері мен ішектердің тіркесті зақымдануы). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|