Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Терапиялық сала)
Алматы 2007 ж
ЖРВИ, ЖРЗ, ринит, назофарингит
Хаттама коды: PN-T-006 АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J10 Тұмаудың идентификацияланған вирусы туындатқан тұмау J11 Тұмау, вирус идентификацияланбаған J06 Көптеген және анықталмаған орналасулардағы жоғары тыныс жолдарының жіті инфекциялары J00 Жіті назофарингит J06.8 Көптеген орналасулардағы жоғары тыныс жолдарының өзге жіті инфекциялары J04 Жіті ларингит және трахеит Анықтамасы: ЖРВИ - вирустар туындатқан, сілемейлі қабатының қабынумен мінезделетін жоғары тыныс жолдарының инфекциялық ауруы, ол мұрын қуысынан тыныс жүйесінің төменгі бөлімдеріне дейін таралады, жергілікті симптомдар пайда болады, түрлі синдромдарға тән: тамақтағы ауыру (фарингит), мұрын біткелу (салқан тию), беттегі қысым және ауырсыну сезімі (синусит), жөтел (бронхит). Қоздырғыштарға вирустың 200 астам түрі кіреді (100 түрлі риновирустар) және бактериялардың бірнеше түрі. ЖРЗ - жіті респираторлық ауру. Ринит- -мұрын сілемейінің қабынуы. Жіті ринит - мұрынның сілемей қабатының жіті катаральді қабынуы, ол негізінен вирустар туындатқан түшкірумен, жас ағумен және сулы сілемейдің бөлінуімен қатар жүреді. Аллергиялық ринит - қызбамен байланысты ринит (поллиноз). Атрофиялық ринит - мұрынның сілемей қабатының жұқаруымен жүретін созылмалы, жиі жағдайда іиісті шығындылармен қатар жүреді. Казеозды ринит - мұрын қуысының иісті, сыр тәрізді субстанциясымен бітелген созылмалы ринит. Эозинофильді аллергиялық емес ринит -эозинофилдер құрамының артуымен, спецификалық аллергендермен байланыссыз, мұрын сілемей қабатының гиперплазиясы. Гипертрофиялық ринит - сілемейлі қабаттың гиперторофиясымен, созылмалы ринит. Пленкатәрізді ринит - фибриндік қыртыстың түзілуімен қатар жүретін мұрынның сілемейлі қабатының созылмалы қабынуы. Іріңді ринит - көп мөлшерде ірің бөлінетін созылмалы ринит. Вазомоторлық ринит - инфекцияланусыз және аллергиясыз мұрынның сілемейлі қабатының ісінуі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|