Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Хирургиялық сала)
Алматы 2007 ж
Өкпе обыры
Хаттама коды: PN-S-004 АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): С34 бронхтардың және өкпенің қатерлі ісіктері Анықтамасы: өкпе рагі (бронхогенді бронхоальвеолярлық рак) бронхтардың сілемейлі қабатының эпителилерінен және бездерінен дамитын қатерлі ісіктер. Жіктемесі: - ұсақ жасушалы емес карциномалар • жалпақ жасушалы карцинома ( 40-45% жағдайда) азаюға тән тенденция болуда • аденокарцинома және оның подтиптері, бронхиолоальвеолярлық карцинома (25-30% жағдайда), көбеюге тән тенденция болуда • ірі жасушалы дифференциялданбаған карцинома ( 10% жағдайда ) - ұсақ жасушалы карцинома ( 20-25% жағдайда ) Клинико-анатомиялық формалары: • Орталық және шеткері форма. Орталық рак ірі бронхтарды зақымдайды (сондай ақ сегментарлық бөліктерін де). Шеткері рак субсегментарлы және одан да кіші бронхтарда орналасады. Орталық формасы түбірдің элементтеріне қарай өсіп, негізгі бронхтар мен кеңірдекке ерте таралады. Шеткері рак әдетте өкпе паренхимасында шар тәріздес түйін түзеді. • Атиптік формалары: шеткері рак (апикальды рак), медиастинальды рак және өкпенің біріншілік карциноматозы. Медиастинальды рак біріншілік ошақ анықталмағанда кеуде аралық лимфа түйіндеріне метастаздарымен сипатталады. Лимфогенді метастаздар біріншілік ісіктен тезірек дамуы мүмкін. Біріншілік карциноматоз - екі жақты біріншілік - көптеген өкпе рагі.Өкпе тіні әр түрлі мөлшердегі ісік түйіндерімен инфильтрацияланған. Олардың арасында біріншілік жән екіншіліктерін ажыратып жатудың мағынасы жоқ. Қауіп-қатерлі факторлар: 1. темекі шегу 2. асбестоз 3. басқа да себептер (мышяк хром және никельдің әсері) 4. сәулелену (радон) Диагностика критерилері: Науқастарды егер оларда мынадай белгілері 3 аптадан артық уақыт қандай да бір объективті себептерсіз болса рентгенографияға жіберу керек: Жөтел Кеудеде немесе кеуде қуысынан тыс ауыру сезімі Ентігу Салмақ тастау Дауысының қарылуы (көмейдің қайтармалы нервінің медиастиналдық ісікпен қысылуына байланысты) Соңғы фалангтардың қалыңдауы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|