Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Хирургиялық сала)
Алматы 2007 ж
Жабық жарақаттар және таюлар
Хаттама коды: PN-S-005 Анықтамасы: Жарақат немесе зақымдалу деп организмнің анатомиялық бүтіндігін бұзатын және ағзалардың физиологиялық функциясына әсерін тигізіп, нәтижесінде организмнің жергілікті және жалпы реакциясымен көрінетін сыртқы агенттердің әсерлері (механикалық, термиялық, химиялық, электрлік, сәулелі, психикалық және т.б.). Жабық жарақат кезінде тері және сілемейлі қабаттың зақымдалуы болмайды. Зақымдалудың ауырлығы жарақаттанған тіндермен ағзалардың көлемі мен тереңдігіне байланысты. Жіктемесі: 1. Өндірістік емес жарақаттар: а) транспорттық; б) тұрмыстық; в) спорттық; г) басқалары. 2. Өндірістік жарақаттар (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық). 3. Қасақана жасалған жарақаттар (әскери және т.б.). Жарақаттарды механикалық, термиялық, химиялық, электрлік сәулелік, психикалық, операциялық, туу кезіндегі деп бөледі. Жұмсақ тіндердің жабық жарақаты соғылу, созылу және жыртылу, шайқалу және жаншылу болып бөлінеді. Қуыстарда (іште, көкіректе, бас сүйегінде), сүектерде (буынның шығуы мен сүйектің сынуы) және қан тамырларында жұмсақ тіндер мен ағзалардың зақымдалуы болады. Жарақаттың түріне байланысты оларды жеке дара және бірнеше, қарапайым және комбинирленген, тікелей және тікелей емес, жіті және созылмалы деп бөледі. Қауіп-қатерлі факторлар: Жол жүру ережесін, техникалық қауіпсіздікті сақтамағанда, шамадан тыс спирттік сусындарды ішкенде, спортпен немесе ауыр жұмыс істегенде жарақат алу. Диагностикалық критерийлері: Жабық жарақаттар жеке дара және бірнеше жердер жарақаттануы болып ауру сезімі, жарақат алған жердің ісінуі мен гематомасы, бұлшық еттердің ауыр механикалық зақымдалуы анықталады, сол сияқты сүйек, буын, белгілі анатомиялық аймақтарда орналасқан ағзаларда өздеріне тән симптомдар байқалады. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ Емдеу тәсілі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|