Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Педиатриялық сала)
Алматы 2007 ж
Балалар құрысқағы
Хаттама коды: PN-P-004 Анықтамасы: Құрысқақ - бұл есті жоғалтусыз немесе жоғалтумен қатар жүретін бұлшықеттердің клондық немесе клондық-тонустық еріксіз жиырылу ұстамасы. Жіктемесі: - қатерсіз құрысқақтар; - эпилепсиялық; - инфекциялық аурулар кезіндегі құрысқақтар; - метаболиттік бұзылыстар туындатқан құрысқақтар (гипогликемия, гипонатриемия); - инфекциялық аурулар туындатқан құрысқақтар (жарақат, уланулар, диабеттік кетоацидоз, гломерулонефриттік энцефалопатия). Қауіп-қатерлі факторлар: - бай акушерлік анамнез (асқынған босанулар, босану кезіндегі жарақаттар); - гипогликемия; - айқын қызба; - жеке және отбасылық анамнездегі эпилепсия; - ОНЖ инфекциялық аурулары (менингит, энцефалит); - бас жарақаттары; - дәрілермен және улы препараттармен улану; - вакцинадан кейінгі асқынулар; - қандағы кальцийдің, пиридоксиннің төмен деңгейі. Диагностика критерилері: - бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы; - керілген және шығыңқы еңбек; - табиғи емес поза; - бас жарақаты немесе өзге жарақатар белгісі. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Қанның жалпы анализі (3 параметр); 2. Зәрдің жалпы анализі. Емдеу тактикасы: Нәрестені дұрыс орналастыру қажет: - мойын жарақатына күмән жоқ болса: - аспирация қауіпін төмендету үшін нәрестенің басын бір қырына бұрыңыз; - нәрестенің қолын бетіне қойып, басын жайлап бұрыңыз және тұрақтандырыңыз; -дененің қылпын тұрақтандыру үшін, нәрестенің бір аяғын бүгіңіз. - Егер мойын жарақатына күмән болса: - нәрестенің мойнын тұрақтандырыңыз және арқасына жатқызыңыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|