Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)
Алматы 2007 ж
Анафилаксиялық шок
Хаттама коды: Е-001 Кезеңдік ем мақсаты: Ағзаға аллерген түсуін тоқтату және барлық өмірге маңызды жүйелер мен мүшелер қызметін қалпына келтіру. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): T78.0 Тағамға патологиялық реакциялардың пайда болуынан дамыған, анафилаксиялық шок. T85 ішкі протездік құрылымдар, имплантант және трансплантанттарға байланысты асқынулардан T63 Улы жануарлармен байланысқанда пайда болған токсикалық әсер. W57 Усыз жәндіктер және басқа да ескек аяқтылардың тістеуі немесе шағуы. X23 Бөгелек, маса, арамен байланыста болуы. T78 Жағымсыз әсерлер, басқа рубриктерде жіктелінбеген Анықтамасы: Анафилактикалық шок (АШ) - ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс. Анафилактикалық шоктың клиникалық ағымы бойынша жіктелуі: 1. қасқағымды ағымы - жіті басталатын, тез үдейтін АҚ төмендеуі, есінен тану, тыныс жетіспеушілігінің үдеуімен жүреді. Қасқағымды шок ағымының ерекшелігі- шокқа қарсы қарқынды терапияға тұрақты болуы және терең коматозды жағдайға дейін тез өршуі. Өмірге маңызды мүшелердің зақымдалуына байланысты алғашқы минутта немесе сағатта өлімге әкеледі. АШ қасқағымды тәрізді ағымының варианттары басты клиникалық синдромдарға байланысты: жіті тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) және жіті қан тамыр жетіспеушілігі (ЖҚЖ). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|