Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)
Алматы 2007 ж
Бронхылық демікпелік статус
Хаттама коды: Е-002 Кезеңдік ем мақсаты: 1. Өкпеде газ алмасу бұзылысын (гипоксемия және гиперкапния) қалпына келтіру. 2. Тыныс жолдары өткізгіштігін қалпына келтіру. 3. Бронхылардың β2 - адренорецепторларының сезімталдығын қалпына келтіру. 4. Ішкі ағзалық ортаның жұмысын реттеу. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J46 - Демікпелік статус. (status asthmaticus) Анықтамасы: Демікпелік жағдай - бронхының демікпе ұстамасының 6 сағатқа дейін басылмайтын және симпатомиметикалық дәрілерге көнбейтін жағдай дамуымен, бронхылардың дренаждық функциясының бұзылуымен, сонымен қатар гипоксемия, гиперкапния пайда болуымен сипатталады. Демікпелік жағдайдың (ДЖ) жіктелуі: Демікпелік жағдай түрлері: Анафилаксиялық түрі: (ДЖ дереу, дамитын түрі) Иммунологиялық емес немесе псевдоаллергиялық реакциялармен аллергиялық реакция медиаторларының көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады. Бұл түрінде гипоксия үдемелі түрде дамиды, сондықтан барлық клиникалық көріністері қарқынды және тасқынды түрде бір-бірін тез алмастырып отырады. Жедел және ауыр тұншығу ұстамасы комалық жағдайға туындатады. Метаболизмдік түрі: (ДЖ баяу дамитын түрі) - β-адренергиялық рецепторларының функциональды блокадасы маңызды орын алады. Демікпелік жағдайдың бұл түрі аяқ астынан, кейде бірнеше тәуліктен немесе аптадан соң пайда болады. Науқастар белгілі бір көлемде жүріп-тұра алады (бөлмеде қимылдау, әжетханаға бару), бірақ өте қиналады, ентігумен қатар жалпы жағдайы нашарлайды. ДЖ ағымының ауырлығына байланысты бөлінуі: I кезеңі- салыстырмалы компенсация кезеңі - симпатомиметиктерге және басқа да бронходилятаторлық емге көнбейтін, бронхылық демікпенің ұзақ уақыт басылмайтын ұстамасы. Келесі клиникалық симптомдар мен синдромдар байқалады: - тыныс алу мен тыныс шығарудың айқын қиындауымен, қашықтан естілетін сырылдар мен минутына 30 және одан көп тыныс жиілігімен жүретін тахипноэ. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|