Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)
Алматы 2007 ж
Жіті миокард инфаркті (субэндокардиалды және трансмуралды)
Хаттама коды: Е-013 Кезең мақсаты: өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін қалпына келтіру, гемодинамиканы тұрақтандыру АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): [2] Жіті миокард инфаркті Еңгізілді: миокард инфаркті, жіті ретінде анықталған немесе 4 аптаға (28 күн) дейін ұзарған не жіті басталғаннан соң пайда болады деп бекітілген. енгізілмеген: миокард инфаркті: - бұрын ауырған (125.2) - келесі (122._) - созылмалы немесе аурудың басталғаннан 4 аптаға (28 күндей) созылуы. (125.8) Жіті миокард инфарктінен кейін кейбір ағымды асқынулар (123._) Инфаркттан кейінгі миокардиальды синдром (124.1) 121.0 Миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті трансмуральды инфаркті 121.1 Миокардтың төменгі қабырғасының жіті трансмуральды инфаркті 121.2 Жіті трансмуральды миокард инфарктінің нақтылы басқа жаққа орналасуы 121.3 Жіті трансмуральды миокард инфарктінің нақтылы емес орналасуы 121.4 Жіті субэндокардиальды миокард инфаркті 121.9 Анықталмаған жітімиокард инфаркті Анықтамасы: Миокард инфаркті (МИ) - жіті коронарлы қан айналымның жетіспеушілігінің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықетінің ишемиялық некрозы. МИ мүгедектікке және өлімге алып келетін себептерінің бірі болып табылады. МИ соңғы жылдары аурудың өршуі байқалуда, әсіресе жас және орташа жас буындарда кездеседі. МИ-нан ауруханалық өлімшілділігі төмендегімен, бұл аурудан осы уақытқа шейін жалпы өлімділік жоғары болып отыр. Жалпы ауырғандар ішінде 30-50% құрайды. Өлімділік жағдайдың көбісі ауруханаға дейін орын алады. Жіктемесі: МИ қазіргі заманға жіктелуі бөлінуі былай қарастырылады: Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы; Ауру ағымының сипатына байланысты; МИ орналасуына байланысты; Ауру сатысына байланысты; МИ асқынуына байланысты; Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы бойынша: МИ трансмуральды және трансмуральды емес деп 2-ге бөледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|