Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі (акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Шарананың бой қысқалығы
1. Шарананың бой қысқалығы 2. Хаттама коды: H-O-007 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): О36 Анасына медициналық көмек көрсетуді талап ететін іштегі нәрестенің өсуінің жетімсіздігі. Р05 Іштегі нәрестенің бая өсу мен қоректің жетімсіздігі. Р05.0 Іштегі нәрестенің гестациялық кезең үшін «азсалмақтылық». Р05.1 Іштегі нәрестенің гестациялық кезең үшін көлемінің кіші болуы. Р05.2 «Азсалмақтылық» немесе гестациялық кезең үшін көлемінің кіші болуын есептемегенде іштегі нәрестеге қоректің жетіспеуі. 4. Анықтамасы: 1. Пайда болу мерзімі бойынша: ерте формасы, кеш формасы. 2. Даму түрлері бойынша: симметриялық форма, ассимметриялық форма. 5. Жіктемесі: 1. Пайда болу уақыты бойынша: ерте форма; кеш форма. 2. Даму типі бойынша: симметриялық форма; ассимметриялық форма. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: -құрсақішілік нәрестенің фетометриялық параметрлерінің едәуір қалып қоюы; -аминоттық сұйықтардың көлемінің азаюы; -іштегі нәрестенің дем алу белсенділігі мен жүрек қызметінің реактивтілігінің азаюы; -іштегі нәрестені доплемерилық зерттеу кезінде ауытқу белгілерінің байқалуы; -НҚДЖ-ның жүктіліктің ауыр асқынуларымен қосылуы; -экстрогенитальдық патологияның НҚДЖ-мен қосылып дамуы; -баланың қозғалуына жасалған тестінің теріс нәтиже беруі. 7. Диагностика критерилері: 1. Іштегі нәрестенің фетометрия көрсеткіштері жүктіліктің етеккір келген соңғы күнінен бастағандағымен және жүктіліктің 12 аптасында жасалған биомануалдық зертеудің нәтижесімен (дәлдігі 7 күнге дейін) немесе іштегі нәрестеге бірінші УД-сканер нәтижесімен салыстырғанда төмен; 2. Жүкті әйелдің салмақ қосуы күткендегіден төмен; 3. ЖТТБ жүктіліктің осы мезгіліне тән салмақтан аз (3 см немесе одан көп). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|