Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі (акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Түсік түсіруден кейінгі эндометрит
1. Түсік түсіруден кейінгі эндометрит 2. Хаттама коды: H-O-011 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): 008. Түсік, жатырдан тыс және молярлық жүктілік салдарынан болған асқынулар; 004.0. Жыныс жолдары және жамбас ағзалары инфекциясынан асқынған медициналық түсік,толық немесе нақтыланбаған түсік; 004.8. Басқа немесе нақтыланбаған асқынулары бар медициналық түсік,толық немесе нақтыланбаған түсік. 4. Анықтамасы: Жасанды түсіктен кейінгі эндометрит - жатырдың ішкі қызметтік қабатының (эндометрия) қабынуы. Себебі - стафилококктық,стрептококктық немесе колибациллярлық жұқпалар.Әдетте жатырдың түлемелі қабатының қалдықтарына микробтардың түсуі және үрдіске оған жақын жатқан миометрия аймақтарының қамтылуы нәтижесінде дамиды. 5. Жіктемесі: жоқ. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы, шұғыл 7. Диагностика критерилері: Эндометрит симптомы жасанды түсік процессінде болған жұқпа салдарынан бірнеше күннен кейін пайда болады. Тиісті терапиясыз ауру созылмалы формаға ауысады. 7.1 шағымдар мен анамнез: Дене қызуы 38С дейін көтеріледі,тамыр соғуы жиілейді, бірақ оның жиілігі дене қызуына сәйкес келеді, бір жолғы қалтырау болады. Жалпы күйі онша бұзылмайды. 7.2 физикалық тексеру: Жіті эндометриттің негізгі белгілері: · дене қызуының көтерілуі · жалпы әлсіздік · іштің төменгі жағының ауыруы · сұйық ірің тектес бөлінулер (қан аралас болуы мүмкін) Жергілікті өзгерістер: жатырдың субинволюциясы, «жатыр қабырғаларымен» ауырсындыру - ірі лимфа тамырлары орналасқан жерлер, ірің аралас лохийлер,лохиометр. Ауру 8-10 күн созылады. Пальпацияда жатыр үлкейген, ауырады. 7.3 лабораторлық зерттеулер: · ЭТЖ (СОЭ) көтерілуі. Қан анализі нейтрофильдің солға жылжуымен лейкоцитозды көрсетеді. 7.4. Инструменталды зерттеулер: тән емес 7.5. мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жоқ 7.6. Дифференциалды диагноз: жоқ 8. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1.Қанның жалпы анализі (6 параметр) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|